РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ АЯСЫНДА

Рухани  Жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында «№ 17 бөбекжай-бақшасы» МҚКК аясында  24 қаңтар күні Қостанай қаласының  көрнекті ақыны, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист Ақылбек Қожаұлы Шаяхметпен  жоспарланған кездесу өткізілді.

   Осы кездесуді ұйымдастыру мақсаты: ұлттық мәдениет деңгейін, ұлтымыздың дәстүріне деген қызығушылықтарын және сый-құрметін арттыру. Балаларға арнап өлең, ертегі, есеп-өлеңдер оқып, қызықтады. Балалар мен тәрбиешілер арасында би биленіп, ән айтылды.Естелік суретке түсірілді.